ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегі түркі халықтары үшін қиын-қыстау кезең болды: патшалық Ресейдің рухани отарлау саясаты белең алды, жәдидшілдік әрекеті мен түрікшілдік қозғалысы өрістей түсті, түркі халықтары осы идеялардың шеңберінде ынтымағын арттырды, Ресейдің тұтас империялық саясаты өзгеріп, қатарынан екі революциялық науқан өтті, большевиктердің атеистік және ашаршылық пен қуғын-сүргін саясаты жүзеге асырылды. Бұл кезең отандық авторлар тарапынан жанжақты зерттеліп, оның «ақтаңдақ» беттері ашылып келеді. Дегенмен
аталған тарихи кезең бауырлас ел болып табылатын Түркия деректері мен тарихнамасында әлі зерделеніп үлгерген жоқ. Хронологиялық шеңбер
ретінде таңдалған кезеңге байланысты түркиялық деректердің басым бөлігі Түркия Республикасы Премьер-министрі мұрағат қорларында, Османлы
мемлекетінің кеңсесінде, Анкара қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек қорларында шоғырланған. Түркі халықтарының өзара ынтымақтастығы мәселелеріне қатысты зерттеулер мен тарихнамалық негіз екі кезең бойынша қарастырылып, түркиялық ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Мақаланың негізгі мақсаты – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде түркі халықтарының өзара ынтымақтастығын түркиялық деректер мен тарихнамасында кешенді түрде саралау. Қойылған
мақсатқа қол жеткізу үшін түркиялық деректер мен мұрағат қорларында сақталған материалдарды салыстырмалы әдіспен сұрыптау және Түркия
тарихнамасында қалам тартылған жәдидшілдік, түрікшілдік пен ислам, мұсылмандық мәселелері, ұлттық бірегейлік және саяси-мәдени күрес тақырыптары тарихилық ұстаным негізінде зерделенді